«Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында мектебімізде 9–10-сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жеке қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді. Мамандар өмірлік мысалдар келтіріп, әрбір әрекетке жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Заңды құрметтейтін, өз ісіне жауап бере алатын саналы ұрпақ тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет!
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:
Ахметова Айгерім Ералықызы — Байқоңыр ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры.
Сайра Күбейханқызы — Астана қаласы «Балалардың құқықтарын қорғау» орталығының Байқоңыр ауданы бойынша балалар ісі жөніндегі бас маманы.
Жукенова Айдана Каирленовна — жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор.
Жандос Қалиоллаұлы Сейтенов — Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы
