Бүгін мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шара – саптүзеу өтті. 🏫🎓
Мерекелік жиынға мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары мен мектеппен қоштасар сәті жақындаған 11-сынып түлектері қатысты. 🌸🎒
Балалық шақтан білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндер үшін бұл күн – ерекше қуаныш пен толқынысқа толы алғашқы қадам болса, ал 11-сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге бастар жолдың соңғы белесі.
🔔 Алғашқы қоңырау үнімен мектеп ауласы білімге, арманға және жаңа мақсаттарға толды.
Ұстаздар қауымы шәкірттеріне ақ жол тілеп, жаңа оқу жылына сәттілік пен биік жетістіктер тіледі.
Білім – болашақтың берік іргетасы!
Жаңа оқу жылы әр шәкіртке жаңа мүмкіндік, жарқын жетістік, биік белестер әкелсін! 💫
📖 Қош келдің, жаңа оқу жылы!
🌟 Білім жолындағы қадамдарың нық болсын!
