09.11.2026
Школьный проект с официальной эмблемой

2026 жылғы 6 қарашада NIS/SHARE халықаралық жобасы аясында «Цифрлық ортадағы Action Research: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Біздің мектеп соңғы 6 жыл бойы аталған жобаға белсенді қатысып, Action Research зерттеу бағыты бойынша педагогтердің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, зерттеушілік мәдениетті дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Конференция барысында мектебіміздің педагогтері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафинмен (Colleen McLoughlin) тәжірибе алмасып, білім берудегі зерттеушілік тәсілдер мен цифрлық ортаның жаңа мүмкіндіктері жөнінде құнды пікірлер тыңдады.

Алты жылдық ынтымақтастық – бұл жай ғана жобаға қатысу емес, үздіксіз даму, кәсіби ізденіс, тәжірибе алмасу және білім сапасын арттыру жолындағы ортақ еңбек.

Зерттейміз. Үйренеміз. Бөлісеміз. Дамимыз!