БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Бүгін мектебіміздің акт залында 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен бала құқықтарын қорғау, жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге арнайы қонақтар қатысты:
🔹 Бимендина Асима Темкенқызы – Астана қаласы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, «Talap» АҚ президентінің кеңесшісі;
🔹 Шотбаев Мұхтар Әбдіғаппарұлы – Байқоңыр ауданы Әкелер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник;
🔹 Әділбай Серік Тәукеұлы – Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
🔹 Дауылбаева Фариза Айбековна – “Байқоңыр ауданы” полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік мәселелері, заң талаптарын сақтау және әрбір баланың қоғамдағы жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қозғалды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзырлы сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.
