28.11.2026
🌍🏆 X МЕЖДУНАРОДНАЯ STEM-ОЛИМПИАДА — ВЫСОКИЙ РЕЗУЛЬТАТ НАШИХ УЧЕНИКОВ! 🚀📅 21–22 ноября 2026 г (1)

📅 2026 жылғы 21–22 қараша күндері әлемнің әртүрлі елдерінен келген дарынды әрі мақсатшыл оқушылардың басын қосқан X Халықаралық STEM олимпиадасы өтті!

🌟 Ауқымды зияткерлік сайысқа 10 елден 250 команда, 800-ден астам қатысушы қатысты!

🏫 №27 мектеп-лицейіміздің намысын абыроймен қорғаған оқушыларымыз:

👨🏻‍💻 10 «Г» сыныбы:

  • Бутумбаев Искандер
  • Альтерготт Александр

👨🏻‍💻 10 «Л» сыныбы:

  • Гильмияров Карим

Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Хайырлыева Дильназ Асылболатовна.

⚙️ Қатысушылар бағдарламалау, робототехника, инженерия және 3D-модельдеу бағыттары бойынша бақ сынады. Оқушылар күрделі технологиялық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін, инженерлік ойлау қабілеттерін, шығармашылықтарын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

🔥 ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ КЕРЕМЕТ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ — 92 МҮМКІН ҰПАЙДЫҢ 91,7 ҰПАЙЫН ЖИНАДЫ! 🎯👏

💫 Бұл нәтиже — оқушыларымыздың жоғары дайындық деңгейінің, табанды еңбегінің, мақсаткерлігінің және жаңа білімге деген құштарлығының айқын дәлелі!

👏 Дарынды шәкірттерімізді мақтан тұтамыз! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, жаңа биіктерді бағындырып, мектебіміздің мерейін халықаралық деңгейде асқақтата беріңіздер!

Алға, жаңа жеңістерге! 🚀🏆🌍