📚✨ “Адалдық пен тіл тазалығы – Абайдан аманат” апталығы аясында 5 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Жұмағалиеваның жетекшілігімен “Білім – білгенге байлық” атты зияткерлік сайыс өтті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыс қазақтың дәстүрлі асық ойындарымен ұштастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. 🏆
Ізденімпаздық пен тапқырлықты талап еткен ойын барысында қатысушылар өз білімін, ой ұшқырлығын және командалық бірлігін көрсете білді.
Осындай шаралар – өскелең ұрпақтың бойында адалдық, тілге құрмет және ұлттық рухты қалыптастырудың жарқын көрінісі.
