Қалалық оқыту семинары – сапалы талдау, сапалы білім кепілі! ?
2025 жылдың 17 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ұйымдастыруымен Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде қала мектептерінің оқу ісі және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жазу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Жазу алгоритмі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинардың басты мақсаты — мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жасаудың маңыздылығын айқындау, оны жазудағы инновациялық құралдарды қолдану, және директордың орынбасарларымен тәжірибе алмасу болды.
?? Мектеп директоры Абуова Меруерт Абитаевна модератор ретінде семинарды ашып, сапалы білім берудегі ең маңызды бағыттардың бірі – мектеп қызметіне терең әрі сапалы талдау жасау екенін атап өтті.
? Семинар барысында мектеп психологтары Исабаева К.Т. мен Стрельченко М.Л. қатысушылармен ой сергітетін қызықты жаттығулар өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
? Одан әрі мектеп директорларының орынбасарлары жетекшілігімен қатысушылар топтарға бөлініп, ЖИ (жасанды интеллект), цифрлық платформалар және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, мектептің оқу-тәрбие жұмысына жан-жақты талдау жүргізді.
Семинар мазмұнды да әсерлі өтті. Әрбір қатысушы өз тәжірибесін байытып, құнды идеялар мен әдістемелік тәсілдерді өз жұмысына енгізуге ниет білдірді.
? Бірлесе даму – сапалы білімнің кепілі!
