28.10.2025
WhatsApp Image 2025-10-17 at 21.42.33 (1)

🔰 17.10.2025 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде @astana27shl қала мектептерінің оқу ісі және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары үшін «Мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жазу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Жазу алгоритмі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

🔹Семинардың мақсаты: мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жасаудың маңыздылығын талқылау, оны жазудағы инновациялық құралдарды қолдану және директордың орынбасарларымен осы бағытта тәжірибе алмасу болды.
🔸 Мектеп директоры Абуова Меруерт Абитаевна модератор ретінде құттықтау сөзімен семинарды ашып, қазіргі біздің басты жұмысымыз сапалы білім беруде мектептің талдауын сапалы жасау деп атап өтті.

🔹 Мектеп директорының орынбасарларының сүйемелдеуімен топтарға тапсырма беріліп, қатысушы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарылары мен бейіндік оқыту жөніндегі орыбасарлары әртүрлі ЖИ, цифрлық платформалар, инновациялық технологияларды қолданып мектептің оқу-тәрбие жұмысына жан-жақты талдау жасай отырып, өз пікірлерін ортаға салды.

🔹Семинар әсерлі және пайдалы болды.
Семинар соңында әр қатысушы өзіне құнды ақпарат алып, келешекте өз жұмысына пайдаланатынын айтып, рефлексия кезінде өз ойларын ашық айтып, орталық әдіскерлері семинар қорытындысында оң баға берді.

✅ Семинарға 100 астам мектеп директоры орынбасарлары қатысып, өз алғыстарын білдіріп, Bilim TV телеарнасына сұхбат берді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *