Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротхникалық университеті мен Астана қаласы әкімдігінің «Қасым Қайсенов атындағы #27 мектеп-лицейі» арасында меморандумға отыру келісім сөзі жүргізілді. Екі оқу орнынан жиналған жұмысшы тобы мен Университет ректоры Тіреуов Қанат Маратұлы және мектеп директоры Абуова Меруерт Әбітайқызы ортақ атқарылар істерге ұсынымдар берді. Жоғары оқу орны мен мектеп-лицей арасында меморандумға отырудың негізгі мақсаты — оқушыларға кәсіби бағдар беру, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, жоғары білімге оқушыларды саналы түрде бағыттау және болашақ білікті мамандарды қалыптастыру. Осындай ынтымақтастық арқылы мектеп оқушылары өз болашағын ертерек айқындап, ал университет талантты талапкерлерді алдын-ала анықтауға мүмкіндік алады. Болашаққа бағытталған әрбір қадам — бүгіннен басталады. Білім жолындағы әріптестігіміз берік болсын!

