Бүгін NIS/SHARE халықаралық жобасы аясында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Talkлайық» ғылыми-зерттеу әдебиеттерін оқу және талқылау клубының кезекті отырысы өтті. Аталған отырыс барысында мектеп мұғалімдерінен құралған жұмыс тобы “An Introduction to Educational Research Methods” («Білім беру зерттеу әдістеріне кіріспе») кітабының 1-тарауын талқылап, мазмұнына талдау жасап, өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушылар зерттеу әдіснамасының негізгі ұғымдары, білім беру зерттеулерінің құрылымы және ғылыми ойлауды қалыптастыру жолдары бойынша ой бөлісті.
Жоспарға сәйкес зерттеу әдебиеттерін жүйелі түрде талқылау мақсатында жұмыс тобы әр аптаның сәрсенбі күні тұрақты түрде жиналады.
